Еңбек ардагерлерінсіз мерекенің мәні жоқ
Еңбек ардагерлерінсіз мерекенің мәні жоқ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында "Астана су арнасы" МКК-да еңбек ардагерлерінің қазіргі жұмыс істеп жүрген басшыларымен және мамандарымен кездесуі өтті.
Қазір көптеген өндірістерде зейнетке шыққан мамандар кеңесшілер, тәуелсіз төрешілер ретінде шақырылуда. Ал "Астана су арнасы" МКК-да әрқашан бастауымызды ұмытпау дәстүрі сақталған. Кәсіпорында бұрын жұмыс істеген ардагерлерді, зейнеткерлерді басшылық әрқашан еліміздің айтулы күндерін, корпоративтік мерекелерді атап өтуге шақырады. Бұрынғы басшылар, мамандар – ұжымның рухы мен ар-намысы – кәсібиліктің жоғары деңгейін сақтауға себеп болады және жаңа жетістіктерімізге шын жүректен қуанады. Әрине, дана адамдардың кеңестері баға жетпес құндылық.
Осындай тамаша мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында "Астана су арнасы" бас директоры Табиғат Зейнұлқабден ардагерлермен кездесу ұйымдастырды. Өміршең, жігерлі, ширақ зейнеткерлер туған кәсіпорынның негізгі оқиғаларынан әрдайым хабардар болған, соның ішінде өткен жылдардың басшылары: Василий Тетеркин – т.ғ. к., 1983-1999 жылдары "Горводоканалды" басқарды, Жаңбыршы Нүркенов – т. ғ. к., С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ профессоры, 1999-2010 жылдары "Астана су арнасы" МКК бас директоры, Лаззат Саинова – 1999-2010 жылдары бас директордың экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Қалымтай Қазыбаев - 2001-2010 жылдары бас директордың энергетика жөніндегі орынбасары, Анатолий Юрчук – 1975-2011 жылдары кәсіподақ комитетінің басшысы, Степан Исакин – 1982-2015 жылдары кәріз қызметінің басшысы, Николай Ермоленко 1970-2012 жылдары Астана су тоғанының бастығы, Ибрагим Әлімбаев – ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Тәуелсіздік күніне орай мерекелік дастархан жайылып, кәсіпорын ардагерлерінің атына кәсіпорын басшылығынан жылы құттықтаулар айтылды. Коммуналдық проблемаларды да ардагерлерді де жақсы білетін, қазіргі таңда қалалық ардагерлер Кеңесінің басшысы, өткенде қала әкімінің орынбасары, ҚР Парламенті Сентаның депутаты Сансызбай Есілов қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, қазір қасында болмаған әріптестерін де еске алды. "Астана су арнасы" әнұранын негізге ала отырып кәсіпорынның тарихын құрайтын сүреттерден жасалған бейнефилім – тосын сый болды. Үлкендерді құрметтеп сыйлау – жақсы дәстүр.