Тұрғын үй секторындағы инвентаризация

Сәуір айынан бастап «Астана Су Арнасы» МКК жер үй тұрғын секторында жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тексеру барысында мамандар су есептегіш құрылғыларының жағдайын, пломбалардың дұрыстығын, сондай-ақ заңды тұлғалардың тіркелуін тексереді. Сонымен қатар тұтынушылардың қарыздары да анықталады. Қарыз болған жағдайда су беру сол жерде тоқтатылады. Егер тұрғын үйде ешкім болмаса, ескерту хаты қалдырылады.
Бұл жұмыстар су беру жүйесінің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. Мамандар есепке алу және бақылау жұмыстарын жалғастыруда.
Құрметті тұрғындар! Есептегіш құрылғыларына кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз. Ауладағы иттер тексеру жұмыстарына қиындық туғызатынын ескертеміз. Бұл жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз.