Халыққа жаңалықтар

Астанада бірінші рет су құбырын жөндеу үшін Primus Line технологиясын қолданды. Оның артықшылықтары неде?

Астанада бірінші рет су құбырын жөндеу үшін Primus Line технологиясын қолданды. Оның артықшылықтары неде?


Фото с сайта www.ecwatech.ru

Сурет www.ecwatech.ru сайтынан


Мұндай жөндеу асфальт бұзуды талап етпейді, себебі Primus Line жеңі ескі құбыр арқылы жіберіледі.

Астанада 2018 жылдың қараша айында Республика 5 даңғылы бойынша диаметрі 500 мм, ұзындығы 219 метр тозған болат су құбырын жөндеу кезінде Primus Line технологиясын алғаш рет қолданды. Бұл технология полимерлік кевларлы жең деп те аталады. Көліктердің қозғалысына кедергі жасамау үшін жұмыстар бір апта бойы түнгі уақытта орындалды.


Виктор Иванович Шефер

Виктор Иванович Шефер

– Құбырларды төсеудің ашық және жабық тәсілдері бар, – дейді "Астана су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны өндірістік бөлімінің бастығы Виктор Шефер. – Жабық әдіс көлденең бұрғылау қондырғысының көмегімен жүргізіледі. Ол қымбат, бірақ қала жағдайында өзінің бағасын ақтайды, өйткені кабельдердің, жылу трассаларының қиылыстарын айналып өтуге, учаскілердің абаттандырылуы мен трафикті бұзбауға мүмкіндік береді. Біз жөндеу жұмыстарын жүргізген Республика даңғылында асфальтбетонды төсемді жақында ауыстырды, оған зиян келтірмеуіміз керек болды. "Жолды қазу үшін жолдың жөнделуін күтіп тұрғандай", деген сияқты қалалықтардың наразылықтары болуы мүмкін.

Видеоролик c YouTube: Монтаж адаптеров Примус Республика 5 

Primus Line төмен және жоғары қысымды құбырларды қалпына келтіруге арналған инновациялық технология. Оны ескі құбырдың метал тотығуынан пайда болатын тесіктері немесе жарықтары арқылы ысырапсыз суды тасымалдау мүмкін болмаған жағдайда қолданады. Алдымен ескі құбырды арнайы жабдықпен тазалау керек, содан кейін ол арқылы жоғары қысымға төзе алатын Primus Line жеңдерін жіберу керек. Технологияның өзіндік қасиеттерінің арқасында жеңді  ескі құбырмен желімдеудің қажеті жоқ. Технология арқылы жөндеуден кейін бұрынғыға қарағанда жоғары жұмыс қысымына қол жеткізіледі. Ескі құбыр жер астына өту жолы ретінде қызмет етеді, соның арқасында кең ауқымды жер жұмыстары қажет емес. Технология туралы толығырақ осы жерден білуге болады.


Протяжка рукава Primus Line через старую трубу

Қолданыстағы құбырға Primus Line желілерін орнату инсталляциясы 


Монтаж переходника

Өткізгіштің монтаждалуы 


Виктор Шефердің айтуынша, кәсіпорын бұрыннан технологияға қызығушылық танытты, бірақ алдымен жеңдерді сатып алуға тендер жариялау үшін техникалық ерекшелікті әзірлеу, байқауды өткізіп, жинақтың жеткізілуін күту қажет болды. Республика даңғылындағы учаске жаттығу алаңына айналды. Оны Александр Литвиненко жетекшілік ететін кәсіпорынның құрылыс бригадасы технология жеткізушісінің оқыту персоналымен бірлесіп жүзеге асырды. Келесі жылы кәсіпорын Астана қаласындағы Республика даңғылындағы диаметрі 500 мм болатын 225 метр болат құбырды жөндеу үшін кевларлық жеңді қайта пайдалануды жоспарлап отыр. Жөнделген құбырлар кем дегенде 50 жыл қызмет етуі тиіс, өйткені кевларлық жеңдер бұрын осы учаскеде қолданылған болат құбырға қарағанда тотығу реакциясына түспейді.


Виктор Шефердің пайымдауынша, "Астана су арнасы" өз процестеріне жаңа технологияларды енгізуге ұмтылуда. Кәсіпорында, мысалы, әр түрлі ерекшеліктегі мен диаметрдегі құбырларды жер қазыбай төсеуге және жөндеуге арналған түрлі жабдықтар бар: көлденең бұрғылау қондырғылары, бір құдықтан екінші құдыққа құбырларды төсеу және жөндеуге арналған қондырғылар, бұзу, тесу әдісімен өздігінен ағатын кәріз желілерін қайта құруға арналған қондырғы. Кәсіпорын базасында телеинспекция зертханасы жұмыс істейді, ол камералардың көмегімен желілерді диагностикалаумен айналысады. Сондай-ақ, жол іздегіштер, ағыс іздегіштер, сондай-ақ басқа да озық су құбыры технологиялары бар.


https://informburo.kz/special/v-astane-vpervye-primenili-tehnologiyu-primus-line-dlya-remonta-vodopr...