Халыққа жаңалықтар

2030 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 15%-ға дейін жетуі мүмкін

2030 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 15%-ға дейін жетуі мүмкін.

Дегенмен, еліміздегі су тарифі әлем бойынша ең арзан тарифтердің бірі. Біз 90 елдің ішінде су арзандығы жағынан 3-орындамыз, ал тұтыну көлемі жағынан 7-орында тұрмыз.

Бұл теңгерімсіздік суды тиімсіз пайдалануға әкелуде:

су бақылаусыз жұмсалады, желілер тез тозады, кей өңірлерде су тапшылығы сезіле бастады.


Президент суға ұқыпты қарауды ынталандыру мақсатында әлеуметтік тұтыну нормаларын енгізуді тапсырды. Енді су бағасы тұтыну көлеміне қарай өзгереді:


  • 1 адамға айына 3 текше метрге дейін — стандартты тариф
  • 3–5 текше метр — тарифке +20%
  • 5–10 текше метр — тарифке +50%
  • 10 текше метрден жоғары немесе есептегіш болмаса — тарифке +100%



Қаншалықты көп тұтынсаңыз — соншалықты көп төлейсіз!

Қосымша төлемдерден түскен қаражат су жүйелерін жөндеуге, жабдықтарды ауыстыруға, апат санын азайтуға және судың сапасын арттыруға жұмсалады.

Бүгінде еліміздің 18 өңірінде жаңа тарифтік жүйе қолданысқа енгізілді.

Егер су төлемі артып кетсе — таң қалмаңыз, суды үнемдеуді бастаңыз!