"Астана су арнасы" қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті
"Астана су арнасы" қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті
"Астана су арнасы" МКК-да өткен жыл керемет мерекемен аяқталды.
Астаналық Оқушылар сарайында кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына арналған шырша ұйымдастырылды – сыйлықтар, би сондай-ақ жаңа жылдық ертегі!
Ата-анасы "Астана су арнасында" әр түрлі бөлімшелерінде жұмыс істейтін 400 бала әдемі шыршаның жанында жиналды. Кішкентай ханшайымдар, гномдар, қояндар мен тасбақалар шыршаның айналасында айналып, сахнада өнер көрсеткен жас әртістермен бірге биледі. Аналар мен әкелер, әжелер мен аталар шыршаның жанында өз сәбилерін суретке түсіріп, смартфондарға бейне түсіріп – осындай көңілді күн ұзақ уақыт жадыда қалғанын қалады.
«Астана су арнасы» МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабден
"Астана су арнасы" МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабден құттықтау сөзінде, – қымбатты балаларымыз, сендерді осындай тамаша мерекемен, Жаңа жылмен құттықтаймын! Барлығыңа денсаулық және бақыт, ата-аналарыңды қуантып, өздерің де жетістіктеріңе қуануды тілеймін, – деді. –Ата-аналарға да отбасылық бақыт, амандық, жемісті жұмыс және жаңа жетістіктер – жыл сайын осындай үлкен ұжымда, балалармен және отбасылармен кездесуімізді тілегім келеді. Жаңа жыл, құтты болсын!
Мерекеге бастау берілді, әртістер жаңа жылдық қойылымды бастады – би, әзіл, шыршаның айналасындағы хоровод – балалар шаттыққа бөленді!
Мереке ата-аналарға да өте ұнады
– Біздің қызымыз Ая үшін өміріндегі алғашқы шырша, бірақ біз кәсіпорынымыздың ұйымдастырған осындай мерекелерінде үлкен ұлымызбен болдық. Олар әрдайым тамаша өтеді, балаларға өте ұнайды! Бұл жақсы іс – деп атап өтті Орталық диспетчерлік қызмет қызметкері Гүлжан Махметова.
Заңды тұлғалар бойынша келісім бөлімінің маманы Данат Мұқанов шыршаға қызы Зерені және ұлы Дінмұхамедті шыршаға алып келді, және олардың көздерінен мерекенің ұнағаны көрініп тұрды!
– Біздің балалар үшін осындай мереке ұйымдастырғаны жақсы, бұл үшін үлкен рахмет, біз балалық шаққа оралғандай болдық, –дейді Данат.
Мереке "Наз" театрының сыйлығымен – Айзере қызы және оның әлемнің түрлі елдеріндегі ғажайып оқиғалары туралы жаңа жылдық ертегімен аяқталды. Ертегі тек жарқын және қызықты ғана емес, сонымен қатар үйретуші болды – әр бала балалық шақтан біздің ғаламшарды қорғау керектігін білуі тиіс. Әсіресе, ата-аналар астананың экологиясын сақтауға зор үлес қосатын кәсіпорында жұмыс істесе.