Халыққа жаңалықтар

Қарызды айыппұлсыз өте!

  Құрметті тұтынушылар! 

Астана қаласы әкімдігінің «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК елорда күні мерекесіне орай 2025 жылдың 1 шілде мен 31 шілде аралығында заңды және жеке тұлғалар үшін «Қарызды өсімпұлсыз төлеңіз» акциясын өткізеді.

Акция өткізілетін ай ішінде су және кәріз қызметтері бойынша қарызды толық өтеген жағдайда, жиналған өсімпұлдар кешіріледі. Өтініштерді жою үшін тұтынушылар «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК есеп-айырысу абоненттік бөлімдеріне өтінішпен және төлем жүргізілген түбіртектің көшірмесімен жүгінуі қажет.