Халыққа жаңалықтар

Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі нысандарына баспасөз туры

Құрметті Астана қаласының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен бірлесіп, 2025 жылғы 5 тамызда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, баспасөз қызметтері, блогерлер, қоғамдық ұйымдар және қызығушылық танытқан қала тұрғындары үшін баспасөз турын ұйымдастырады.

Іс-шараның мақсаты — кәсіпорын активтерін жаңғырту және жаңарту бойынша ағымдағы жылы жүзеге асырылып жатқан инвестициялық іс-шаралардың барысымен таныстыру.

Баспасөз туры аясында келесі мекенжайлардағы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға бару ұйымдастырылады:

1. Тлендиевтен оңтүстікке қарай орналасқан шағын аудан (Тлендиев көшесі мен Абаяның 150 жылдығы көшесінің қиылысы),

2. сондай-ақ Абылай хан даңғылы (№19/4 үй маңы).

Қатысушыларға инвестициялық бағдарлама аясында сатып алынған жаңа арнайы техника мен жабдықтар көрсетіледі.

 Жиналу орны: Петрова көшесі, 5 (Астана қаласы бойынша ТМРК департаменті кеңсесі)
 Жиналу уақыты: 10:00

 Барша қызығушылық танытқан азаматтарды қатысуға шақырамыз!