Ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуд
ШЖҚ «Астана Су Арнасы» МКК қызметкерлері Сұлтан Бейбарыс көшесі, 15 мекенжайында су құбыры желісін горизонталды-бағытталған бұрғылау (ГНБ) әдісімен жүргізу жұмыстарын орындады. Көлденең бұрғылау ұзындығы 130 метрді құрады. Жұмыстардың мақсаты — ауданның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін жақсарту және тұрғындардың өмір сүру жағдайларын арттыру. Жоба аясында экскаватор, ГНБ қондырғысына су беруге арналған суару техникасы және 5 маманнан тұратын бригада жұмылдырылды. ГНБ технологиясы жол жабынын бұзбай жұмыс жүргізуге, абаттандыру элементтерін сақтауға және құбырларды жоғары дәлдікпен төсеуге мүмкіндік береді. Елорда тұрғындарының жайлылығын арттыру мақсатында су жеткізу желілерін жаңғырту жұмыстары жалғастырылады.