Колл-орталық: әр қоңырау – маңызды жұмыс
Колл-орталық мамандары тұрғындардың өтініштерін алғаш болып қабылдап, есептегіш құралдар көрсеткіштерін тіркейді, түскен сұраныстарды өңдейді, көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және ақпаратты жедел түрде тиісті құрылымдық бөлімшелерге жолдайды. Олардың қызметі – әрбір үйге ауыз суды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ететін кешенді жүйенің маңызды құрамдас бөлігі.
Біз қалалық қызметтердің сапасын қамтамасыз етіп отырған мамандардың еңбегін көрсетуді мақсат етеміз. Әрбір қоңырауға ұқыптылықпен қарап, жауапкершілігі арқылы қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға үлес қосып жүрген осы сала қызметкерлерінің еңбегі ерекше құрметке лайық.