Халыққа жаңалықтар

Жаңа КНС құрылысы


Астана Су Арнасы жаңа кәріздік насос станциясының (КНС) құрылысын жалғастырып жатыр. Бүгінгі түсірілім кезінде Су бұру қызметінің басшысы Сұлтанбаев Қуаныш Сайдуллаевич жаңа нысанның қаланың инженерлік инфрақұрылымындағы маңыздылығын атап өтті.

Жаңа КНС іске қосылғаннан кейін:
Есіл ауданы,
Нұра ауданы,
Сарайшық ауданы,
Алматы ауданы тұрғындары үшін кәріз жүйесінің жұмысы айтарлықтай жеңілдейді.