Халыққа жаңалықтар

Су құбырындағы апатты жедел жою

Қаламыздың тұрғындарын таза ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз.

Жөндеу-құрылыс учаскесінің шебері Сейдуллаев Алиайдар Абдуллаұлы қызмет жасайтын бригаданың жеке құрамы Қаныш Сәтбаев көшесі, 18-үй маңындағы апатты жағдайды жедел қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда.

Бригаданың мақсаты – ақауды тез арада жойып, тұрғындарды ауыз сумен қайта қамтамасыз ету. Бұл бейнесюжет қақаған аяз бен қолайсыз ауа райына қарамастан, ел игілігі үшін 24/7 қызмет жасайтын кәсіпорын мамандарының еңбекқорлығының бір көрінісі десек қателеспегеніміз болар!