Халыққа жаңалықтар

Су желісіне заңсыз қосылу анықталды

МКК ШЖҚ «Астана Су Арнасы» қызметкерлері Е-10 көшесі, 16-үй, НП-31 (автокөлік жуу кешені) мекенжайы бойынша тексеру іс-шараларын жүргізді.
Тексеру барысында нысанның қалалық сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылғаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде қазіргі уақытта автомойканың диаметрі 25 мм болатын көше су құбырынан өз бетінше жасалған заңсыз қосылу арқылы сумен жабдықтауды пайдаланатыны белгілі болды. Бұрын қолданыста болған сумен жабдықтау шарты тұтынушы тарапынан тоқтатылған.

Сондай-ақ, нысанның қолданыстағы су құбырына жарамды шартсыз өз бетінше қосылғаны анықталды. Су есептеу аспаптары пломбаланған.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес сумен жабдықтау қызметін қайтадан ресімдеу, шартты қайта жасасу және құжаттардың толық топтамасын ұсыну қажеттігі туралы нұсқама берілді.

Аталған нұсқама талаптары белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда нысан орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен ажыратылатын болады.