Астанадағы кәріз желілеріндегі профилактикалық жұмыстар
Елордада кәріз желілерін тазалау бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Алдын алу жұмыстарын «Астана Су Арнасы» кәріз қызметінің №56 бригадасы бригадир Ткаченко Анатолий Владимировичтің жетекшілігімен жүргізіп жатыр.
«Астана Су Арнасы» мамандары кәріз желілерін профилактикалық тазалауды жүзеге асыруда. Илосос көлігі арқылы майлы шөгінділер мен тұнбалар сорылып алынады. Жұмысқа екі бірлік техника — будка және илосос тартылған», — деп атап өтті бригадир.
Мұндай жұмыстар бітелулердің алдын алуға және қалалық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.