Халыққа жаңалықтар

Су есептегіштерін жоспарлы тексеру

«Астана Су Арнасы» қызметкерлері Чубары және Юго-Восток жатақханаларында су есептегіш құралдарына жоспарлы тексеру және бақылау жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында пломбалардың бұзылуы және есептегіш құралдарға рұқсатсыз араласу фактілері анықталды. Құрастырылған актілерге сәйкес қосымша төлемдер есептелетін болады. Тексеру жұмыстары жалғасуда.