Халыққа жаңалықтар

Оқушыларға арналған танымдық экскурсия

International Steppe School of Astana мектебінің 5–6 сынып оқушылары Астана су арнасының сорғы-сүзгі станциясы мен кәріздік тазарту құрылыстарына танымдық экскурсиямен келді. ⠀

Экскурсия барысында оқушылар ауыз судың тазалану үдерісімен, кәріз суларының тазарту кезеңдерімен және бүкіл жүйенің қалай жұмыс істейтінімен жақыннан танысты.
 
Сала мамандары барлық процестерді түсінікті түрде түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына толық жауап берді. Балалар жаңа білім алып, ерекше әсермен қайтты. ⠀ Қатысушылар экскурсияны жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.