Халыққа жаңалықтар

Аязға қарамастан су ақауы жойылды

Аязға қарамастан, Шынырау 7 мекенжайындағы су ақауы жедел түрде жойылды. Қолайсыз ауа райы жағдайларына қарамастан, кәсіпорын қызметкерлері халық игілігі үшін үздіксіз еңбек етуде. Біздің бригадалар әрбір қала тұрғынының үйіне сапалы судың уақытылы жетуін қамтамасыз ету үшін күн-түн демей жұмыс жасауда. Міне бүгін тағы бір мәселе шешіліп, су жүйесі толық қалпына келтірілді.