Халыққа жаңалықтар

Қауіпсіз қала: темір торлар орнату жұмыстары


Біз үшін әрбір тұрғынның өмірі мен саулығы маңызды. 

Күнделікті күйбең тіршілікте аяқ астындағы қауіпті байқамай жатамыз. Алайда, ашық жатқан құдықтар – үлкен қатер, әсіресе ойнап жүрген балалар үшін. 
Бүгін кадрда – №192 бригада және оның бригадирі Абдығалиев Думан. Алматы ауданы бойынша құдықтарға арнайы темір торлар (решеткалар) орнату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бұл не үшін керек?

Егер қандай да бір себеппен құдықтың қақпағы ашық қалса немесе ұрланса да, астындағы осы темір тор адамды құлап кетуден сақтайды. Бұл – «қауіпсіздік жастығының» коммуналдық түрі.

Аязға да, қарға да қарамай, күніне 4-5 осындай қорғаныс торын орнатып жүрген жігіттерімізге алғыс!  Еңбектеріңіз елене берсін!  Біз қаланың тыныштығы мен жайлылығы үшін қызмет етеміз.