Халыққа жаңалықтар

Жедел әрекет – сенімді нәтиже

Астана су арнасының Орталық диспетчерлік қызметіне Амангелді Иманов 34 мекенжайынан жертөлеге су кіруіне байланысты шұғыл өтініш келіп түсті. Диспетчерлер хабарламаны қабылдаған сәттен бастап бірден әрекетке көшті. Оқиға орнына 910-бригада мен арнайы техника жедел жөнелтілді. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету – басты міндетіміз. Алайда жұмыс барысында күтпеген қиындықтар туындайды. Бұл жолы да бәрі оңай бола қойған жоқ. Ақауы бар құдықтың үстіне тұрғындардың бірі көлігін қойып кеткен екен. Оның үстіне көлік қатып қалған. Бұл мамандардың уақытын алды. Бірақ әр минут – маңызды. Сондықтан дереу 102 нөміріне хабар беріліп, жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен арнайы техниканың көмегімен құдықтың үсті босатылды. Осыдан кейін ғана мамандар негізгі жұмысқа кірісті. Құдық ашылып, ішіндегі су сорылып алынды. Аязды күнге, мұздай суға қарамастан, бригада бар күш-жігерін салды. Су кеткен орын анықталып, ақау жедел түрде қалпына келтірілді. Сыртта минустық температура. Қар борап тұр. Аяз бет қариды, қолды мұздатады. Бірақ соған қарамастан, Астана су арнасының мамандары тәулік бойы – қала тұрғындары үшін еңбек етеді. Қажет болса, мұздай суға түседі, қатып қалған мұзды ойып, ең ауыр жұмысты атқарады. Бұл – көзге көріне бермейтін, бірақ әр үйдің жайлылығы үшін күнделікті атқарылатын үлкен еңбек. Астана су арнасы – Елордамыздың сенімді тірегі.