Халыққа жаңалықтар

«Астана Су Арнасы» Call-орталығының қызметкерін құрметті демалысқа шығарып салды

«Астана Су Арнасы» ұжымы Call-орталығымыздың байырғы қызметкері — Төлепбергенова Аққоян Олжабаевнаны құрметті демалысқа шығарып салды. 

Аққоян Олжабаевна кәсіпорынымызда 2011 жылдың 19 маусымынан бастап, 13 жыл бойы талмай еңбек етті. Call-орталық операторы ретінде ол мыңдаған қала тұрғындарына көмектесіп, әрбір қоңырауға шыдамдылықпен әрі кәсібилікпен жауап берді.

Сізге адал еңбегіңіз бен ұжымға қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз! Зейнет жасыңыз құтты, денсаулығыңыз мықты болсын! Шаңырағыңыздан береке кетпесін.