Қасиетті Рамазан айында «Астана су арнасы» Алматы ауданы абоненттік учаскесінің мамандары «Жақсылық жасап жарысайық» атты игі эстафетаны қуана қолдады.
Біздің учаске қызметкерлері бірлесе отырып, «Шын жүректен» қораптарына күнделікті тұтынуға қажетті азық-түліктерді жинап, ізгі тілектерін білдірді. Әрбір қосылған үлес – мұқтаж жандарға көрсетілген қамқорлық пен жылулықтың белгісі.
Акция нәтижесінде жиналған қайырымдылық көмегі мұқтаж отбасыға табысталды. Отбасының жеке өмірі мен намысын құрметтеу мақсатында табыстау барысы видеоға түсірілмеді. Ең бастысы – көмек өз иесін тапты!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әр шаңырақта береке болсын! Жақсылық жасаудан жарысайық!
Осы игі эстафетаны «Астана су арнасының» басқа да бөлімдеріне және әріптестерімізге жолдаймыз!