Халыққа жаңалықтар

«Астана Су Арнасы» нысанындағы маңызды кездесу!

Бүгін №3 сорғы-сүзгі станциясының (НФС-3) базасында «Жаңа Конституция» жалпыұлттық науқаны аясында Республикалық халықтық штаб өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Жиынға қабылдаушы тарап ретінде «Астана су арнасы» МКК Бас директоры А.А. Елжасов пен Бас директордың бірінші орынбасары Е.Ғ. Шарипов қатысып, құрметті қонақтарды қарсы алды. Кәсіпорын ұжымымен кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен штабтың келесі мүшелері арнайы келді:  

Башимов М.С. — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, штаб тобының жетекшісі;
Өтебаев Е.К. — әкімдік кураторы;
Сергеев В.А. — мәслихат кураторы;
Ұлықпанов Д.М. — партия кураторы;
Терещенко А.М. — штаб мүшесі;
Смайылов Б.А. — штаб мүшесі;
Зейнұлқабден Т.Қ. — штаб мүшесі;
Абдрасулов Е. — заң ғылымдарының докторы, профессор. 

 Ашық диалог форматында өткен жиында қызметкерлер еліміздің дамуындағы түйінді мәселелерді талқылап, өздерін толғандырған сұрақтарға тұщымды жауаптар алды. Мазмұнды әңгіме үшін қонақтарымызға, ал белсенді азаматтық ұстанымы үшін ұжымымызға алғыс білдіреміз!