Халыққа жаңалықтар

Елорда экологиясын жақсарту: жағымсыз иістерді жою шаралары

Біз жағымсыз иістер мәселесі қала тұрғындарын алаңдататынын білеміз. Олардың таралуының алдын алу үшін «Астана Су Арнасы» кәсіпорнының экология бөлімі су бұру қызметімен бірлесіп, жүйелі әрі ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар:

Объектілерді тексеру: Кәріздік сорғы станциялары тексерілді (КНС Мастер-2, №30, №12, 7Л, 8Л, Рысқұлов көшесі бойында).
Жаңа әдістерді қолдану: Станцияларда иістерді бейтараптандыру үшін арнайы биопрепараттар қолданылатын болады.
Тазалау жұмыстары: Тұндырғыштар мен құбырлар тазартылуда.
Төгінділерді бақылау: Мердігерлермен бірлесіп кәріздік тазарту құрылыстарына (КОС) бару жүзеге асырылып, Есіл өзеніне тазартылған суды төгу нүктесінде сынамалар алынды.

Біздің басты мақсатымыз — қоршаған орта сапасын жақсарту және Астана қаласының әрбір тұрғыны үшін жайлы жағдай жасау. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз!