Халыққа жаңалықтар

Астанада су құбырындағы жедел жұмыстар

Жұмабаев көшесі, 9 мекенжайында диаметрі 630 мм су құбырына дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстарға РСУ бригадасы және ГНБ учаскесі жұмылдырылды.Нысанда арнайы техника қолданылды: экскаватор, дәнекерлеу жабдықтары және вакуумдық машина. Дәнекерлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін РСУ бригадасы диаметрі 600 мм болатын кірістіруді (вставка) орнатып, сондай-ақ құдық монтажын жүзеге асырды. Қала тұрғындарын үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін жұмыстар жеделдетілген режимде жүргізілді. Мамандар қойылған міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау үшін бар күш-жігерін салды. Бейнероликте атқарылған жұмыстардың көріністері ұсынылған. Жұмыстың барысы туралы келесі мамандар баяндады: Дутбаев Бақыт Мұратұлы- ГНБ учаскесінің бригадирі, Смаилов Азат Рамазанұлы-РСУ шебері. Мамандарға кәсібилігі және қаланы тұрақты сумен қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!