Халыққа жаңалықтар

Қала тұрғындары үшін жайлы орта қалыптастыру

Қала тұрғындарын мазалайтын мәселелердің бірі — су жүйесіндегі ақаулар мен апаттар. Осындай жағдайларды дер кезінде шешу үшін «Астана Су Арнасы» мамандары күн сайын жұмыс жүргізуде. Бұл видеода Жұмабаева көшесі, 13 мекенжайында болған жағдай көрсетіледі. Қандай жұмыстар атқарылуда: Оқиға орнында 600 мм құбырда ақау анықталды, бригада бірден жетті. Құдық ашылып, қазу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Арнайы техника: КамАЗ, экскаватор, гидромолот және вакуумды машина жұмылдырылған. Мамандар су ағуын тоқтату үшін барлық шараны қабылдап жатыр. Біздің басты мақсатымыз — қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау.