Қала тұрғындарын мазалайтын мәселелердің бірі — су жүйесіндегі ақаулар мен апаттар.
Осындай жағдайларды дер кезінде шешу үшін «Астана Су Арнасы» мамандары күн сайын жұмыс жүргізуде.
Бұл видеода Жұмабаева көшесі, 13 мекенжайында болған жағдай көрсетіледі.
Қандай жұмыстар атқарылуда:
Оқиға орнында 600 мм құбырда ақау анықталды, бригада бірден жетті.
Құдық ашылып, қазу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Арнайы техника: КамАЗ, экскаватор, гидромолот және вакуумды машина жұмылдырылған.
Мамандар су ағуын тоқтату үшін барлық шараны қабылдап жатыр.
Біздің басты мақсатымыз — қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау.