«Астана су арнасы» әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының жоғары деңгейде ұйымдастыруымен ұжым көктем мерекесін ұлттық ойындармен және мол дастарқан басында ерекше атап өтті. Мерекенің басты жаңалықтары: • «Қошқар көтеру» сайысы: Сумен жабдықтау қызметінің маманы Амантай Ө. салмағы нағыз қошқармен бірдей муляжды 85 рет көтеріп, бас жүлде – тірі қошқарды жеңіп алды! • «Наурыз – бірлік пен ұлттық дәстүрлердің мерекесі байқауының жеңімпаздары: • І орын: Татарстан (ПТО) • ІІ орын: Түркия (Өндірісті қамтамасыз ету блогы) • ІІІ орын: Қазақстан (Өнім өткізу қызметі) • Өзбекстан (КОС) мен Қырғызстан (ВОС) командаларына арнайы ынталандыру сыйлықтары табысталды. Мереке қазанда асылған дәмді палау, ыстық бауырсақ және самаурын шайымен жалғасты. Әр шаңыраққа береке, мықты денсаулық және мол табыс тілейміз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!