Халыққа жаңалықтар

Астана тәжірибесі Ақтөбелік әріптестерге таныстырылды

Бүгін елордалық су арнасына «Aqtobe Su-Energy Group» мекемесінің өкілдері арнайы жұмыс сапарымен келді. Қонақтарды «Астана су арнасы» МКК Бас директоры Елжасов Аблай Аралбайұлы және Бас директордың орынбасары Шәріпов Ержан Ғалымжанұлы арнайы қабылдады. Кездесу барысында Ақтөбелік делегацияға кәсіпорынның күнделікті жұмыс барысы, сумен қамту және су бұру жүйелерін басқару процестері толықтай таныстырылды. Іссапардың негізгі бөлігі өндірістік нысандарда жалғасты. Ақтөбеден келген әріптестеріміз кәріз тазарту құрылыстарының (КТҚ) жұмысымен жіті танысты. Нысанды аралау барысында Су құбыры және кәріз жүйелерін пайдалану жөніндегі Бас директордың орынбасары Аппасов Ержан Жұмабайұлы қонақтармен бірге болып, барлық технологиялық құрылыстарды толық көрсетіп, елордалық кәсіпорынның көп жылдық тәжірибесімен бөлісті. Бейнебаяннан көріп отырғандарыңыздай, «Aqtobe Su-Energy Group» Бас директоры Алдияров Нағымжан Смағұлұлы мен бас инженері Азамат Данияр Қуанышұлы біздің мекемедегі жұмыс процестері мен жаңа технологиялардың қолданылуына жоғары баға берді.