«Астана Су Арнасы» мен «Каспий Жылу, Су Арнасы» тәжірибе алмасуы
«Астана Су Арнасы» озық тәжірибесімен бөлісті! Бүгін біздің кәсіпорынды тәжірибе алмасу мақсатында «Каспий Жылу, Су Арнасы» АҚ өкілдері келді. Қонақтарды Бас директордың өнім өткізу жөніндегі орынбасары Нұрмағамбетов Қанат Қабдрахымұлы қабылдады. Біздің мамандар әріптестерін сумен қамту жұмысы мен цифрландыру жүйелерімен таныстырды. Қонақтар мол тәжірибе мен құнды ақпарат алып, көрсетілген мүмкіндік үшін алғыстарын білдірді.