Халыққа жаңалықтар

Қазақстандағы су секторын дамыту мәселелері талқыланды

EXPO халықаралық көрме орталығында су индустриясына арналған жабдықтар мен технологиялардың XV халықаралық көрмесі басталып, сондай-ақ «Сумен жабдықтау және су бұру 2030: жаңғырту, цифрландыру, тұрақтылық» салалық форумы өз жұмысын бастады.

Іс-шара су секторын дамытудағы негізгі бағыттарды талқылау үшін мемлекеттік органдардың, бизнестің және сараптамалық қауымдастықтың өкілдерін біріктірді.

Форумның ашылуы Қасақстан су Ассоциация төрағасы Зейнұлқабден Табиғаттың кіріспе сөзімен басталып, ол инфрақұрылымды жаңғыртудың және салаға инновациялық шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға арнау сөздерін Байтукенова Анар Абдуллаевна — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары, және Солтанбеков Нұрлан Қожахметұлы — «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ төрағасы жолдады.

Іскерлік бағдарлама аясында практикалық кейстер мен сараптамалық баяндамалар ұсынылды. Спикерлер қатарында су арналарын автоматтандыру тақырыбын ұсынған Анарбек Орман Оңғарұлы және сектордың тұрақты дамуы туралы баяндама жасаған Ильяс Жүкенов бар.

Форум мен көрме тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және су шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған шешімдер әзірлеуге арналған маңызды алаңға айналды. Форум жалғасуда.