Халыққа жаңалықтар

«Астана Су Арнасы» су құбырларын жаңартты

110 мм диаметрлі жаңа желі тартылып, халықты таза ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету шаралары қабылданды. Мамандар апаттық жағдайдың алдын алып, аумақты толықтай қалпына келтірді. Жөндеу жұмыстары 9 сәуірде мәресіне жетті.