Сәтпаев көшесінде су құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде
Бүгін «Астана су арнасы» мамандары Сәтпаев көшесі, 11/3 мекенжайында инвестициялық бағдарлама аясында тозығы жеткен су құбырларын ауыстыру жұмыстарын жүргізуде.
Аталған жұмыстың негізгі мақсаты – елорда тұрғындарын сапалы әрі таза ауыз сумен қамтамасыз ету.
Су құбырларын ауыстыру жұмыстары XCMG-360 көлденең бағытта бұрғылау техникасының көмегімен жүзеге асырылуда. Бұл техниканың ерекшелігі – жердің беткі қабатын бұзбай, белгілі бір тереңдікте орналасқан өзге коммуникацияларға зақым келтірмей, қажетті деңгейде құбыр жүргізуге мүмкіндік береді.
Жұмысты орындауға құрылыс-жөндеу учаскесінің бригадасы, сондай-ақ экскаватор, бара және су тасығыш техникалар жұмылдырылған.
Жоба аясында диаметрі 225 мм болатын құбырдың 100 метрлік бөлігін тарту жоспарлануда.