Кәріз-тазарту құрылыстарында танымдық экскурсия ұйымдастырылды
Астана Су Арнасы кәріз-тазарту құрылыстарында Назарбаев Университеті студенттері үшін таныстыру экскурсиясы өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға ағынды суларды тазартудың төрт кезеңнен тұратын толық циклі таныстырылды: механикалық және биологиялық тазарту, қосымша тазарту және ультракүлгін сәулемен залалсыздандыру. Студенттер кешеннің жұмыс істеу қағидаттарымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заманауи су тазарту технологиялары туралы көрнекі мәлімет алды. Экскурсия қорытындысы бойынша қатысушылар оның мазмұндылығы жоғары екенін атап өтіп, алғыстарын білдірді. Сондай-ақ алынған білімдерінің алдағы оқу және ғылыми қызметтерінде пайдалы болатынын жеткізді. Осындай экскурсиялар тәжірибе алмасу және экологиялық технологияларды насихаттау мақсатында әртүрлі қалалар мен елдерден келген студенттер мен мамандар үшін тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.