Халыққа жаңалықтар

«Астана су арнасы» мамандары суды ұрлаумен күрес жүргізе бастады.

«Астана су арнасы» мамандары суды ұрлаумен күрес жүргізе бастады.

«Астана су арнасы» мамандары кезекті рейдке шықты. Бұл жолы су ұрлығымен күрес жүргізе басталды. Мамандар тізімге сүйене отырып, алаяқтық әрекеттермен су ұрлаумен айналысқан кәсіпкерлердің мекен-жайына барды.
0C1A6336.JPG0C1A6342.JPG

Кулше Сайфулина тұтынушыларды сумен жабдықтаудан және су бұрудан ажырату жөніндегі техник. Оның қара тізімінде – дүкендер, жатақханалар, жеке кеңселер,құрылыс алаңдары, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету нысандары, сондай-ақ автожуу орындары бар. Кәсіпкерлердің көбісі –суды қасақана ұрлайды. Нұр-сұлтан қаласында бір апта ішінде мұндай 6тәртіп бұзушы анықталды.

«Ең көп таралған құқық бұзушылық – бұл техникалық құжаттамаларсыз қалалық коммуникацияларға өз бетінше қосылу және қызмет үшін ақы төлеу.Суға өз еркімен қосылу үшін ең төменгі айыппұл 150 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, тәртіп бұзушылар сумен қамтамасыз етуден ажыратылады», – деп түсіндірді техник.

0C1A6326.JPG0C1A6332.JPG

«Астана Су Арнасы» мамандарының пайымдауынша заңсыз қосылуға қарсы күрестегі ең тиімді әдіс – судан мәжбүрлеп ажырату. Қазіргі таңда көршілерге қолайсыздықтар келтірмей-ақ саудан ажыратуға болады. Абонентті судан ажырату үшін, үйіне немесе кіру міндетті емес, барлығын орталық құбыр арқылы жасауға болады.

«Сумен қамтамасыз етуді өшіру кезінде көбіне толып қалған құдықтар мен тұрып қалған судан бөлінетін газдар қиындықтар тудырады.  Біздің бригада 5-6 метрлік гофрленген шлангты төмен түсіріп, суды сорып алады. Біраз уақыттан кейін газдың желденуін күтеді. Барлық процесс қиындығына қарай 15 минуттан көп уақыт алады», – дейді Күлше Сайфулина.

0C1A6343.JPG0C1A6317.JPG

 Ағымдағы жылы, рейд барысында коммуналдық қызметкерлер 53 нысанды анықтады. Олардың 21 тұтынушысы қасақана бұзушылар болып шықты. Осыған байланысты бұл объектілерді сумен жабдықтау уақытша тоқтатылған.