60 футболшы су қызметкері спорт ойыны арқылы «Астана Су Арнасы» кәсіпорнының 60 жылдығын атап өтті.
Өткен демалыс күндері канализациялық-тазарту құрылыстарының аумағы адамдарға нық толды. Мұнда мемлекетіміздің бес сумен қамтамасыз ететін кәсіпорнынан келген үздік спортшылар жиналды. Олар"Қарағанды су" ЖШС,"Қызылжар су" ЖШС,"Семей водоканал" МКК,"Батыс су арнасы"ЖШС, "Қостанай су"ЖШС өкілдері.
Спортшылар Нұр-Сұлтан қаласына "Астана су арнасы"МКК-ның 60 жылдығына орай ұйымдастырылған мини-футболдан республикалық турнирге қатысу үшін келді. Футбол әуесқойлары алаңда екі күн өткізді. Оларды қолдауға "Астана Су Арнасы" кәсіпорнының әкімшілігі және көпжанкүйерлер келді.
Екі күн бойы ойын айналым жүйесі бойынша өтті. Ол барлық командаларға бір-бірімен кездесіп, командалардың күштерін объективті түрде анықтауға мүмкіндік берді. Ойын төрешілігіне Қазақстан футбол федерациясынан Ұлттық санаттағы төреші шақырылды.
Ойын тек жанкүйерлерді ғана емес, сонымен қатар Астана Су Арнасы" МКК бас директоры Табиғат Зейнулкабдені де қуанышқа бөленді
Кәсіпорынның бас директорының пайымдауынша, жарыс жоғары деңгейде өтті. Командалар жақсы ойынмен қатар мықты ауызбіршілігін көрсетті. Барлық қатысушылар ойын ережелерін адал орындап, жеңіс үшін бар күштерін салып, аянбады.
Өткізілген ойынның нәтижесі бойынша "Астана су арнасы" МКК командасы турнирдің жеңімпазы атанды, екінші орында" Қарағанды су" ЖШС, 3 орын "Қызылжар су" ЖШС командасына берілді.
Сонымен қатар номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
"Семей Водоканал" МКК команда капитаны Илекен Ризабек "Үздік ойыншы" деп танылды.
"Қызылжар су" ЖШС командасының қақпашысы Новожилов Евгений "Үздік қақпашы"болды.
Жеңімпаздар кубоктармен және медальдармен марапатталды. Турнирге қатысқан барлық ойыншылар мерейтойлық медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.