Халыққа жаңалықтар

«Астана су арнасы» МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

«Астана су арнасы» МКК сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
туралы хабарлама
2026 ж. 14 мамыр   Астана қаласы
«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ 2026 жылғы 31 наурызда бекіткен Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау (ІСЖТ) жүргізу кестесіне сәйкес және 2026 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы 
іс-қимыл» Үлгілік базалық бағытын іске асыру аясында, ағымдағы жылдың 
01 маусымы мен 13 шілдесі аралығында «Астана су арнасы» МКК қызметіне ІСЖТ жүргізілетін болады.
ІСЖТ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Талдау нысанының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Талдау нысанының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
ІСЖТ дайындау және жүргізу барысында келесі рәсімдер жүзеге асырылады:
1. Кәсіпорынның интернет-ресурсында, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ІСЖТ жүргізудің басталуы туралы хабарландыру жариялау – 14.05.2026 ж.;
2. ІСЖТ жүргізу туралы бұйрықты бекіту – 21.05.2026 ж.;
3. ІСЖТ басталуы – 01.06.2026 ж.;
4. Серіктестіктің интернет-ресурсында, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ІСЖТ нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру жариялау – 26.06.2026 ж.;
5. ІСЖТ нәтижелерін жария талқылау – 03.07.2026 ж.;
6. ІСЖТ нәтижелері бойынша аналитикалық анықтаманы бекіту – 27.07.2026 ж. дейін;
7. ІСЖТ нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу – 27.07.2026 ж. дейін;
8. Аналитикалық анықтама мен іс-шаралар жоспарын Серіктестіктің интернет-ресурсында орналастыру – 30.07.2026 ж. дейін;
9. ІСЖТ қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат дайындау арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мониторингін жүргізу – аналитикалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде;
10. Сыбайлас жемқорлық картограммасын жүргізу – 27.07.2026 ж. дейін;
11. ІСЖТ қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізілімін әзірлеу – 27.07.2026 ж. дейін.
«Астана су арнасы» МКК қызметіндегі ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу тәртібіне қатысты сұрақтар бойынша келесі телефон нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (701) 514 79 26 («Астана су арнасы» МКК комплаенс-офицері).