Есептеу құралдарын тексеру деректер сәйкессіздігін анықтады
«Астана Су Арнасы» мобильді тобы бірқатар мекенжайлар бойынша коммерциялық нысандарды тексерді. ITRON зауытының өкілімен бірлесіп жүргізілген тексеру барысында бұзушылықтар анықталды: екі нысанда есептегіштердің батареяларының қуаты таусылуына байланысты деректерді беру тоқтаған, ал автомойкада есептеу құралы көрсеткіштерінде елеулі сәйкессіздіктер және жүйеге араласу белгілері анықталды. Аталған бұзушылық бойынша акт жасалып, тұтынушыға ірі көлемде қосымша есептеу жүргізілетін болады.