«Астана су арнасы» Жаңбыршы Есетұлының 80 жылдығына арналған шағын футбол турнирі мәресіне жетті. Салтанатты сәтте жауын толассыз жауса да, шара тоқтаған жоқ. Қатысушылар бұны береке мен рухтың разылығындай қабылдап, турнирді жоғары рухта жалғастырды. Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Спорттық рух, құрмет пен бірлік осы күннің басты мәніне айналды!