«Астана су арнасы» кәсіпорнының құрылғанына 67 жыл толуына орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында кәсіпорынның дамуына үлес қосып, ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер марапатталды. Кәсіпорынның тұрақты жұмысы мен елорда тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жолындағы әрбір маманның еңбегі зор.
Барша әріптестерімізді мерейлі 67 жылдықпен құттықтаймыз!