Халыққа жаңалықтар

Суды үнемдеу – баршамызға ортақ міндет!

Астана қаласының халқы күн санап өсіп келеді. Бүгінде елордамызда 1 674 699-дан астам тұрғын тұрады. Қаланы таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тәулігіне шамамен 410 000 текше метр су беріледі. Су — барлығымызға ортақ әрі шектеулі ресурс. Сондықтан жасыл желекті суаруды дұрыс ұйымдастыру өте маңызды. Неліктен суару жұмыстарын тек түнгі уақытта (00:00 - 07:00) жүргізу қажет? Су топыраққа жақсы сіңеді — күн ыстықта су буланып кетпейді. Өсімдік дұрыс дамиды — тамыр жүйесі ылғалды толық сіңіріп үлгереді. Суды үнемдейміз — ысырапқа жол бермейміз. Болашағымызға жауаптымыз — келесі ұрпаққа таза суды сақтаймыз. Қазіргі уақытта «Астана су арнасы» мекемесінің қызметкерлері тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндіру және ескерту жұмыстарын белсенді жүргізуде.