Кәріз сорғы станциясындағы тазалау жұмыстары
Мәңгілік Ел көшесі, 19 мекенжайында кәріз сорғы станциясын тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарға 2 бригада және 3 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Астана қаласының тұрғындарынан кәріз жүйесіне тұрмыстық қалдықтар мен бөгде заттарды тастамауды сұраймыз. Бұл су бұру жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және апатты жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.