Халыққа жаңалықтар

Оқу-жаттығу жиыны өтті!

«Астана Су Арнасы» кәсіпорнының кәріз қызметі тетенше жағдайларға дайындықты арттыру мақсатында кезекті практикалық оқу-жаттығуын өткізді.
Бұл шарада:
Кәріз құдығында газбен улану кезіндегі әрекеттер
Зардап шеккен адамды қауіпсіз шығару
Алғашқы медициналық көмек (өкпе реанимациясы) көрсету алгоритмдері пысықталды.
Қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен жедел әрекет етуі — басты басымдығымыз!