Студенттер кәріз сорғы станциясының жұмысымен танысты
Танымдық экскурсия барысында студенттер станцияның жұмыс істеу қағидатымен, ағын суларды тасымалдау үдерісімен және инженерлік жабдықтардың қызметімен танысты. Кәсіпорын мамандары қаланың кәріз жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, нысанды пайдалану және технологиялық үдерістер туралы ақпарат берді.
Мұндай кездесулер студенттердің коммуналдық инфрақұрылым саласына қызығушылығын арттырып, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.