ҚКК жұмысын үйлестірудің бірыңғай күні «Астана су арнасы» ғимаратында өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы «Астана су арнасы» МКК-де Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын үйлестірудің Бірыңғай күні аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері мен қоғамдық кеңестердің өзара әрекеттестігі» тақырыбында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің өкілдері, «Астана су арнасы» МКК-нің еңбек ұжымы қатысты.
Жиын маңызын ашып көрсеткен модератор Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Әміржан Әлпейісов жыл ішінде қоғамдық келісім кеңестері тарапынан ауқымды жұмыстардың атқарылғанын атап өтті. «Қоғамдық келісім кеңестері-елдегі ынтымақты, тұрақтылықты одан әрі нығайтуға аянбай атсалысып келеді. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы іргелі кәсіпорындардың өзінде 6 Қоғамдық келісім кеңестері құрылды. Солардың бірі осы «Астана су арнасы» МКК орналасқан. 2019 жылы елордалық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі қатысушылар саны 550-ді құрайтын, 15 іс-шара ұйымдастырылды. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарына 5 ұсынымдар беріліп, тұрғындардың шешілген проблемаларының саны – 10 құрады, - деді сөз орайында Ә.Әлпейісов.
Сондай-ақ, жиын барысында «Астана су арнасы» МКК жастар кеңесінің басшысы Айсұлу Жұмабек «Астана су арнасы» МКК-нің жастарының қызметі туралы ақпаратпен бөлісті. «Кеңестің мақсаты-жас қызметкерлердің жеке және кәсіби дамуына, олар үшін «әлеуметтік лифтілер» құруға жәрдемдесу. Статистикалық мәліметтер бойынша кәсіпорында 600-ге жуық жас маман бар, бұл қызметкерлердің нақты санының 30% - ын құрайды», - дейді А.Жұмабек. Еріктілер жылы аясында жастар кеңесі мұқтаж жандарға да көмектеседі.
Жиын барысында екі жақты келісім орнатылып, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды.