Құрметті тұтынушылар!
Құрметті тұтынушылар!«Астана су арнасы» МКК 2021 жылдың 1 шілдесінен 31 шілдесіне дейін Нұр-Сұлтан қаласы күнін мерекелеу құрметіне жеке тұлғалар, сондай-ақ кіші және орта бизнеспен айналысатын заңды тұлғалар үшін «Қарызды айыппұлсыз төлеу» акциясын бастайды..
Су және кәріз қызметі үшін қарыз толық өтелгеннен кейін алынған айыппұл есептен шығарылады. Айыппұл өсімін алып тастау үшін «Астана су арнасы» МКК есеп айырысу және абоненттік бөлімдеріне төленген түбіртектің көшірмесімен бірге өтініш тапсыру керек.
Есеп айырысу және абоненттік бөлімдер мекен-жайы:
1.Абай даңғылы 103
2.Богенбай батыр даңғылы 50
3.Бараева к-сі 23
4.Қажымұқан к-сі 8/1
5.Сауран к-сі 7Б, 4 подьезд