Жаңалықтар

Тек белгіленген уақытта суару

Тек белгіленген уақытта суару
Құрметті елорда тұрғындары! «Астана су арнасы» МКК әкімшілігі назарларыңызға ыстық ауа-райына байланысты суды тұтыну көлемі артқандығы туралы ақпаратты ұсынады. Тұрғын үй телімдері мен жасыл желектерді жаппай суару нәтижесінде таңертең және кешке суды максималды тұтыну сағаттарында сумен жабдықтау жүйесіндегі қысымның уақытша төмендеуі орын алады. Сондай-ақ, биыл суару маусымы әдеттегіден ерте басталғанын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, суару аптасына 2 рет, сағат 23.00-ден таңертеңгі 06.00-ге дейін белгіленген уақытта жүргізілуі керек екенін ескерген жөн, себебі сумен жабдықтау желілері тұрғын үй телімдері мен жасыл желектерді суаруға арналмаған. Сізге ыңғайлы болу үшін суаруға арналған ыдыстарды алдын ала сумен толтыруға кеңес береміз.
Түсініспеншіліктеріңізге рахмет, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Құрметпен, «Астана су арнасы» МКК әкімшілігі