Жаңалықтар

Абайлаңыз: ашық құдық!

   Қыс мезгілінің басталуымен, жауын-шашынның (қардың) түсуімен коммуналдық қызметтер қала аумағын қардан тазарту бойынша механикаландырылған жұмыстарды жүргізеді.

   Бұған дейін су құбыры мен шаруашылық-нәжістік кәріздің инженерлік желілерінде құдықтардың аражабындары мен люктерінің бұзылу, бүліну фактілері орын алған. Нәтижесінде құдықтар ашық күйінде қалды, бұл адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндірді.

   Қала тұрғындарынан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз: серуендеу кезінде абай болыңыз, құдықтардың қақпақтарына баспаңыз, люктердің жанында жануарларды серуендетпеңіз. Автокөлік құралдарының жүргізушілері құдықтардың қақпақтарында жүріп өтуден және тоқтап тұрудан аулақ болғаны жөн. Сондай-ақ, қауіпті басқа жерлерге жақындауға болмайды: шұңқырлар, траншеялар, қазаншұңқырлар.

   «Астана су арнасы» МКК қызметкерлері регламентке сәйкес жүйелі түрде желілерді аралап, құдықтардың сыртқы жағдайын, қақпақтардың болуы мен тығыз орналасуын, люктердің тұтастығын тексереді және тіркейді.

   Қақпақтардың болмау себептері әртүрлі болуы мүмкін – сынудан ұрлыққа дейін.

   Егер сіз нашар жабылған немесе қақпағы жоқ құдықты көрсеңіз, бұл тәртіпсіздікті назардан тыс қалдырмаңыз.

   Мүмкін сіз біреудің өмірін құтқарасыз!

   Ашық құдық табылған кезде бірінші кезекте орынды жарқын затпен белгілеңіз. Одан кейін «Астана су арнасы» МКК апаттық-диспетчерлік қызметіне 76-76-76, 76-76-77, Call-орталық 1302, 27-03-70, iKomek 109 телефондары бойынша қоңырау шалып, ең жақын мекен-жайын атау керек. Сіздің өтініміңіз бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын апаттық-қалпына келтіру бригадасы жіберілетін болады.

   Сондай-ақ, егер сіз люк қақпағының ұрланғанына куә болсаңыз, қаскүнемдердің видеосын немесе суретке түсіруді сұраймыз.

   Біз азаматтарды шетте қалмауға және осындай жағдайларға бей-жай қарамауға шақырамыз!