«Жастар» шағын ауданындағы су құбырындағы үзілу
«Жастар» шағын ауданындағы су құбырындағы үзілу
«Астана су арнасы» МКК 2017 жылғы 20 ақпанда Асан қайғы көшесі бойындағы № 4 үйдің ауданында Иманов көшесінен бастап Кравцов көшесіне дейінгі учаскеде Д = 600 мм болат су құбырында үзілу орын алғанын хабарлайды. Үзілудің себебі- металдың коррозиясы.
Авариялық-қалпына келтіру орнына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев келді. Елорда басшысы әкімнің орынбасары Қ.Айтмұхаметовтың, «Астана су арнасы» МКК бас директоры Т. Зейнұлқабденнің, сондай-ақ өзге коммуналдық қызметтердің өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңес өткізді. «Астана су арнасы» МКК мамандарының айтуы бойынша аварияның салдарын жою үшін бір тәулікке жуық уақыт қажет. Мамандар тәулік бойы жұмыс істейді. Осы уақытта үйлердің тұрғындарына су апару ұйымдастырылды.
Хабарлама «Астана су арнасы» МКК авариялық-диспетчерлік қызметіне 20.02.2017 жылы таңғы сағат 5-те келіп түсті. 12 адам құрамындағы 3 ЖПУ бригадасы тез арада үзілуді жоюға кірісіп, су құбырын жапты. 2017 жылғы 20 ақпанның сағат 12:00 жағдайына Т.Хусейн көшесі 13, 13/1, 13/2, 15, 15/1, 15/3, 15/4 үй, Кравцов көшесі 2, 2/2, 4, 4/1, 5 5/1 үй мекенжайлары бойынша сумен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді.
Осы уақытта Асан қайғы көшесі 1, 4 үй, Кравцов көшесі 1, 1/1 үй, Тархан көшесі 2, 4, 6, 8, 10 үй мекенжайлары бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Үзілуді жою жұмыстары Астана уақытымен 2017 жылғы 21 ақпанның сағат 10:00-ге қарай толығымен аяқталатын болады.