Жаңалықтар

Назар аударыңыз! Суды уақытша өшіру

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары!!!

«Астана су арнасы» МКК 2022 жылғы 13 мамыр сағат 22:00-ден бастап 14 мамыр таңғы 09:00-ге дейінгі кезеңде сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы іс-шаралар жүргізілетінін хабарлайды. 
ССС аумағында Нұр-Сұлтан қаласының Сол жағалау бөлігіне су беретін Д=1000 мм магистральдық ауыз су тартқышқа ойып салу. 

Осыған байланысты, 13 мамыр сағат 22:00-ден бастап 14 мамыр  сағат 09:00-ге дейін Есіл ауданы бойынша ішінара:
Мәңгілік Ел даңғ., Nova city ТК аумағы, Заречный т.м., Тельман т.м., Пригородный т.м., BI Village/FamilyVillage, Қабанбай батыр даңғ., сонымен қатар Алматы ауданы бойынша ішінара: Мыңжылдық аллеясы аумағы, Оңт-Шығыс т.м., оң жағы, Қалдаяқов-Тәуелсіздік-Панфилов-Аманжолов көшелер квадраты, Б.Момышұлы к-сі, Абылай хан даңғ., Қордай к-сі, Айнакөл к-сі,
Р.Қошқарбаев, М.Төлебаев, К.Әзірбаев к-сі, 
A-62, Жаңа теміржол вокзалының аумағы, Т.Жүргенов, Баянтау, А-98, Ш.Қалдаяқов,
Ж.Нәжімеденов, А.Байтұрсынұлы, Дип.қалашық к-сі, Тәуелсіздік даңғ.,
И.Панфилов, А.Храпатый, Сарайшық шағ.ауд. ауыз су беру тоқтатылады.

14 мамыр сағат 9:00-ден бастап 17:00-ге дейін жоғарыда аталған аудандарда су құбыры желілерін іске қосу бойынша жұмыстарға байланысты қысым төмен болады. 

Елорданың белсенді құрылысы қаланың сумен жабдықталуын жақсарту үшін осы жұмыстардың орындалуын талап етеді. 

Сіздерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне тәуліктік су қорын алдын-ала дайындап қоюларыңызды сұраймыз.РРПА.png