Дүниежүзілік банк сарапшылары «Астана Су Арнасы» қалалық тазарту құрылысының инфрақұрылымына қатысты пікір білдірді.
- «Астана Су Арнасы» басшылығы - Табиғат Зейнұлқабден бүгін Дүниежүзілік банктің сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі сарапшыларымен кездесті. Елордаға делегаттар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шақыруымен келді. Жұмыс сапары аясында аға маман Хайри Аль-Дмажал мырза «Астана Су Арнасы» кәріз-тазарту құрылыстарына баруға ниет білдірді.
- Экскурсия барысында сарапшылар инфрақұрылымға, жасыл желектерге, жұмыс сапасына, өндіріс мәдениеті мен еңбек жағдайларына жоғары баға берді.
- Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік банк тобы Дамудың барлық негізгі салаларында жұмыс жүргізуде. Ол қаржылық өнімдер мен техникалық көмектің кең спектрін ұсынады, сонымен қатар дамушы елдердегі жалпы өркендеуді қамтамасыз етуге, кедейлікті азайтуға мүмкіндік беретін инновациялық білім мен шешімдермен бөлісуге көмектеседі.