Мобильді топ суды жымқыру фактісін анықтаған жағдайда, «Астана су арнасы» кәсіпорны 90 күн бойы заңсыз пайдаланғаны үшін ойып орнатушыға ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі бекіткен есептеу әдістемесі бойынша қосымша есептеу шығаруға құқылы.
-
Құрметті абоненттер!

Алайда, «Астана су арнасы» кәсіпорнының әкімшілігі рұқсатсыз қосылғандармен келісімге келіп, су ресурстарын ұрлағаны үшін төлем жасамауға дайын.
-
Ол үшін абонент тек сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы қажет.
-
Айта кету керек, көзге көрінбейтін ойықтар қалаға үлкен зиян келтіреді, ең алдымен, бұл – ауыз судың тікелей шығыны, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелеріндегі өрескел бұзушылықтар салдарынан үлкен су шығынына әкелетін ірі апаттарды тудырады.
-
Сондықтан, желілердегі үлкен зардаптарға жол бермеу үшін мобильді топ күн сайын су жолын бақылаушыларды айналып өтудің жаңа тәсілдерін ойлап табатын ондаған халық қолөнершілерін анықтайды.